Ақтауда пластикалық және металл бұйымдарды өндіретін екі зауыт ашылады. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Ниязов халыққа есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында полипропилен қаптамасын, химиялық, резеңке және пластикалық бұйымдарды өңдейтін «Peraplastic Sez» зауыты ашылады. Жоба құны - 4,0 млрд теңге. Сондай-ақ 200 адамға жұмыс орны ашылады.
Сонымен қатар биыл «Сталелитейный центр» зауыты өз жұмысын бастайды. Қала әкімі Ғ.Ниязовтың айтуынша, зауыт машиналар мен жабдықтардан басқа, металлургия өнеркәсібі, дайын металл бұйымдарын өндіреді. 15 адамды жұмыспен қамтиды. Жоба құны - 871 млн теңге.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА