Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жаңаөзенде 50 орындық стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтап, медициналық құрал жабдықтаумен жабдықтауға «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен – 5,8 млрд теңге қарастырылды. Ғимаратты пайдалануға беру 2020 жылдың қарашасына жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласының мемлекеттік мұрағатының құрылысына «Өзенмұнайгаз» АҚ қаражаты есебінен – 155,0 млн теңге қарастырылды.