Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
[ 2019 ] 26 маусым, 09:16 | Маңғыстау жаңалықтары
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аймақ басшысының өкімімен Нұрлыбай Аққұлов Қаржаубайұлы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Нұрлыбай Қаржаубайұлы 1976 жылы Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында туған. Білімі – жоғары. Еңбек жолын Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің «Құрылысты жобалау, технология және ұйымдастыру» кафедрасында оқытушы қызметінен бастап, құрылыс саласында түрлі лауазымдарда еңбек еткен. 2009-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысының Қарақия ауданы әкімінің орынбасары, кейін Маңғыстау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болды. 2013-2018 жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «WestEcoPlast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып қызмет атқарған.
2318
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.