• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстауда барыс мекен еткен бе?

    [ 2018 ] 19 желтоқсан, 09:02  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Жақында Үстірт қорығының аумағында алабарыстың суретке түсірілгені жөнінде жаңалық елді гу еткізді. Табиғат қорғау ісіне қатысы барлар да, жоқтар да жаңалыққа өз қал-қадерлерінше пікірлерін білдіріп жатты. Негізгі ой «қайдан келген?», «нешеу екен?», «адамға тимей ме?» тақырыбының төңірегінде өрбіді. Мұндай әңгіменің етек алуына осыдан екі-үш жыл бұрынғы алабарыстың өлтірілуімен аяқталған, аңның адамдарға шабуы оқиғасы негіз болды. Енді тағы біреуі көрінді. Сонымен, Маңғыстауда барыс болған ба, әлде басқа жақтан ауып келіп жүрген, ғалымдардың тілімен айтылатындай, «гастролер» ме?

    Осы тақырыппен 2008 жылы марқұм Аманқос Жүнібеков ағамыз «Маңғыстау» газетіне мақала жариялады. Оған дейінде бұл аңды көргендер мен алабарысты алған адамдар туралы әрекідік әңгімелер естіліп жүретін. Осы жолдардың авторы, менің де ағайын әкеміз, жақау Алдияр деген кісінің алабарысты қалай алғанын көрген, жыр қылып айтып отыратын кісілер әлі ортамызда жүр. Біздің шешелеріміз ол кісі туралы «алабарыс атқан қайнаға» деп айтып отыратын. Қош, сонымен әңгімемізге көшейік.

    Фототұзаққа алабарыстың түскені туралы хабар келген бойда Алматыға, бұрын Маңғыстауда жұмыс істеп кеткен зоолог-ғалым Константин Плаховқа хабарластық. Ол да әлеуметтік желіден көріп отырғанын айтып, жаңалықпен құттықтады. Содан соң «қайдан келуі мүмкін, әлде бізде болғаны ма?» деген бағыттағы сұрағымызға ғалым, Маңғыстау аумағында бар, мекендейді деп айтуға негіз бар екенін айтты. Кейін басқа ғалымдар да бұл пікірді қостады.

    Мен Аманқос ағамыздың мақаласын алып, ондағы кейіпкелерді іздей бастадым. Сәті оңынан келіп, 1957 жылы алабарысты өз көзімен көрген, әкесі сол барысты соғып алған Шотан жары Ертай ағамен тілдестім. Сол екі арада облыстық телеарнадан хабарласып, телехабарға да түсіп үлгердік. Ондағы айтылған әңгімелерді қайталап отырмай бірден Маңғыстауда барыстың бұрын болғанын, мекеніне оралып келгенін сүйіншілегім келіп отыр.

    Барыстың Маңғыстауға оралуына бірнеше себеп бар. Бірінші себеп, қазір ғалымдар да дәлелдегендей, даланың бұлжымас заңы бар. Ол - алабарыс, қасқыр сияқты азулы аңдардың өз аумағы болатындығы. Осы аумақтың бір топқа тарлық ете бастауы аңның жаңа қоныс іздеуіне негіз болады.

    Екінші негіз, бұрын мекен еткен өлкесінде салыстырмалы тыныштықтың орнауы және соған байланысты аң-құстың көбеюі. Азық қорының жеткілікті болуы - жыртқыш аңның тұрақтап қалуына себеп.

    Маңғыстауға алабарыстың оралуы ғылымға енген жаңалық болуымен қатар, біршама жауапкершілікті де қосып ала келді. Негізгі жауапкершілік қорғау және сақтау бағытында жүргізілуі тиіс. Осы бағытта жұртшылықтың назарын табиғатқа жанашырлыққа бұру мақсатымен әр түрлі шаралар жасалуда. Аталған шараларға белсенді қатысуға, табиғаттың таза күйінде сақталуына түймедей болса да өз үлесімізді қосуға тырысқанымыз дұрыс. Аумақты туристік мақсаттарда пайдалану ережелеріне аздаған қатаңдау талаптар енгізілуіне түсіністікпен қарап, табиғат қорғау заңдарын орындап жүру – санамыз бен мәдениетіміздің деңгейін көрсетеді.

    Маңғыстау - аңыз өлке! Біреулер ойлағандай, қиял-ғажайып ертегі емес, әр аңызына нақты дәлелі бар, бір көрген жанның қайта көруге ынтызары ауып, арманына айналатын мекен! Миллиондаған жылдар бұрын алып мұхит басып жатқан, мұхит тартылғанда ұшы-қиыры жоқ ормандар қаптаған, айдынды шалқарлары мен барсакелмес аралдары жан-жануардың неше атасымен толы болған аймақтың қазіргі орнында, Асан Қайғы «топырағы алтын, тасы күміс өлке» деп кеткен, Абыз Әбіш «ашық аспан астындағы алып мұражай» атаған киелі Маңғыстау әлі талай жаңалықтармен тамсандырары сөзсіз.

    Меңдібай ІЗТҰРҒАНҰЛЫ

    2015
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    маңғыстау жаңалықтары қызық дерек анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауда ақын Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

    Келесі жаңалық

    Ақтауда жаңа трансформаторлық зауыт іске қосылды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

      [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
      5552

      Маңғыстауда барыс мекен еткен бе?

      [ 2018 ] 19 желтоқсан, 09:02
      2016

      Маңғыстаудағы ең көп ауылы бар аудан

      [ 2018 ] 2 мамыр, 07:16
      5224

      Қараман ата жер асты мешіті

      [ 2019 ] 12 қараша, 04:51
      8846

      Құмырсқалар не үшін соғысады? (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 8 сәуір, 10:00
      4052

      Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді

      [ 2019 ] 6 наурыз, 06:48
      2271

      Рубрикалар

        ҚұқықҚазақстан жаңалықтарыСұхбатРедакция туралыФотоМұнайлыТағайындауӘдебиет

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3337

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      3085

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2925

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3394

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3188

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3175

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»