Ақтауда жылдық жобалық қуаты 6 млрд. теңге болатын трансформаторлық зауыт іске қосылды. 6-10-35 кВ кернеулік өнімдер шығаратын жоба Маңғыстау облысының Индустрияландыру картасына енгізілген Зауыт толық іске қосылғанда 150 жаңа жұмыс орны құрылмақ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
"Зауыт жоғары технологиялық еуропалық жабдықтармен жабдықталған, бірақ қазақстандық үлес - 90 пайыз. Трансформаторлық қосалқы станцияның барлық жиынтығы Қазақстанда өндірілген. Зауыт жыл сайын 4 мың, күніне 20 трансформаторлық қосалқы станция шығара алады. Оның бір бөлігі Маңғыстау облысы мен таяу шетелдің нарығы үшін жеткілікті. Өнімнің 50 пайызы экспортқа - Түрікменстан, Әзірбайжан және Иранға жіберіледі", - деді зауыттың ашылу рәсіміне қатысқан Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Кәсіпорын жергілікті жоғары оқу орындарымен маман даярлау үшін даульді оқыту жүйесі туралы меморандумға қол қойылды.
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ