• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 7 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді

    [ 2019 ] 6 наурыз, 06:48  |  Жаңалықтар

    ©

    Облыс тұрғындары Маңғыстауға ұшып келген қоқиқаздарды видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге жүктеген. Бұл қоқиқаздар Ақтаудың жанында орналасқан жасанды Қаракөлде тұрақтайды. Эколог мамандар қоқиқаздарды дәл бұлайша жанынан дронмен түсірудің дұрыс еместігін айтады. "Құстарды мазалай берсек, оларды шошытып аламыз, кейін Қаракөлге мүлдем келмей қалуы мүмкін" дейді табиғат жанашырлары, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.  "Қарақия - Қаракөл" мемлекеттік (зоологиялық) табиғи қаумалы - ерекше қорғалатын аумақ, оның аймағына кіру заңмен реттеледі. Аумағы 137 500 га болатын қорғалатын аймақ 1986 жылдың 17 ақпанында құрылған. Бірақ экологтардың айтуынша, көл 1964 жылы пайда болған. Уақыт өте көктемде және күзде бұл жасанды көлдің үстінен жыл құстары ұшып өтіп, кейбірі қыстауға қалып қоятын болған. Естеріңізге сала кетейік, ақтаулық оқушы осы көлдің, мұндағы құстардың қауіпсіздігін бақылайтын қос мұнара орнатуды ұсынып, оның жобасы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау тапқан еді. Қаракөлдің суы жылы әрі тайыз болғандықтан көл қаз, үйрек, аққу, қоқиқаз құстары көктемде-күзде келіп қонып, демалуына ыңғайлы. Мұнда жылдың әр маусымында 80-нен 175-ке дейін құстың түрі келеді, оның ішінде 20-дан аса түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізіліп, қорғалуда. https://youtu.be/A1XhniwlF1U Оның ішінде қоқиқаз да бар. Мамандардың айтуынша, қоқиқаздар – жыл құсы. Қоқиқаз - дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құс. Дене тұрқы ірі әрі жабайы қаздарға ұқсас, сондықтан қоқиқазды халық арасында қызылқаз деп те атайды. Қоразы мекиенінен ірілеу. Бойының биіктігі 91 – 120 сантиметрдей. Қораздарының салмағы 4,5 келі, ал мекиені – 3 келідей. Қанаттарының ұзындығы 35 – 49 сантиметр. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар "от немесе жалын құс" деп те атайды екен. Қоқиқаздар жүздеп, мыңдап бір мыңға ұя салып, жұптарын жазбайды. Ұядағы 2-3 жұмыртқаны кезектесіп басып шығарады да алғашқы екі айда құрамы дәрумендерге бай құс сүтімен асырайды. Жеген тамақтарын асқазанында өңдеп, тұмсығын балапан аузына апарғанда 23-пайызы қаннан тұратын ашық қызыл түсты сұйықтық тамшылап ағады екен. Бұның сыры әлі күнге дейін ашылмаған.  Қоқиқаздар шаянтәрізділермен, ұлулармен, жәндіктердің дернәсілдерімен, балдырлардың және су өсімдіктерінің тұқымдарымен қоректенеді. Олардың тіршілігі үшін суы таяз әрі тұзды су айдындары өте қолайлы. 2002 жылғы санақ бойынша, Қазақстанда 15–18 мыңдай қоқиқаз ұя салады деп есептелінеді.

    Басты суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН,

    Видео әлеуметтік желіден

    2271
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қызық дерек анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    "Шахмат ханшайымы" Бибісара Yessenov University-де оқитын болды

    Келесі жаңалық

    Ақтауда оқушылар мен мұғалімдер роботтарды жарыстырды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаудағы Қаракөлге қоқиқаздар ұшып келді

      [ 2019 ] 6 наурыз, 06:48
      2272

      Маңғыстау облысы халқының саны 673 мыңнан асты

      [ 2018 ] 16 қазан, 12:31
      5049

      Түз тағысымен бетпе-бет

      [ 2018 ] 14 қыркүйек, 11:39
      2174

      «Ғарышкер болмағанда мұғалім болар едім» - А.Айымбетов

      [ 2018 ] 12 сәуір, 04:56
      1355

      Ақтауда ең көп қойылатын есім - Әлихан мен Айзере

      [ 2018 ] 9 ақпан, 09:30
      2129

      Қарсыласудан қорықпаңыз... (Жапон даналықтары)

      [ 2018 ] 5 ақпан, 11:05
      1586

      Рубрикалар

        ХабарландыруТағайындауРедакция газеттеріЭкономикаБейнеуӘдебиетМаңғыстауАнықтама бюросы

      Автордың басқа да жазбалары

      Жағадағы "жайма базар": ақтаулықтарды толғандырған мәселе талқыланды

      [ 2019 ] 13 маусым, 05:51
      2398

      Маңғыстаулықтар сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде

      [ 2019 ] 9 маусым, 11:10
      1867

      Маңғыстауда сайлаушылардың 52 пайызы өз таңдауын жасады

      [ 2019 ] 9 маусым, 08:55
      2189

      Маңғыстауда Президент сайлауына дауыс беру басталды

      [ 2019 ] 9 маусым, 04:20
      1809

      Маңғыстауда сайлауды 23 шетелдік байқаушы бақылайды

      [ 2019 ] 8 маусым, 10:56
      1871

      Маңғыстауда бір мезетте 2 мың адам Қазақстанның Әнұранын орындады

      [ 2019 ] 4 маусым, 06:59
      2248

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»