©
Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы халқының саны 673 700 адамға жетті. Былтырмен салыстырғанда өңір тұрғындарының саны 1,7 пайыз өскен.
Статистикаға сүйенсек, облыс халқының 4,8 пайызы жұмыссыз, ал жастар жұмыссыздығы 2,8 пайызды құрап отыр.
2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша Қазақстанда 18 миллион 311,1 мың адам өмір сүреді. Былтырмен салыстырғанда ел халқының саны 237,6 мың адамға немесе 1,3% өскен. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
18 миллион халықтың 10 млн 555,8 мың қалада тұрса, 7 млн 555,9 мың адам ауылдың тұрмысын көркейтіп жатыр.
Жалпы халықтың 9 млн 441 мыңы әйелдер болса, 8 млн 870 мыңы - ер адамдар.Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Сурет сайттың архивінен