Қарсыласудан қорықпаңыз, керісінше күресті жалғастырмау қорқынышты. Ақша адамдарды бөтен адамға айналдырады. Жақсылықтың та, зұлымдықтың да мекені – жүрек. Үлкен мәселелерде ұсақ-түйекті ойлауға жол жоқ. Суға жүзе алатын адам батыра да алады. Қаншалықты алысқа кетсең, соншалықты ұмытыласың. Достықта да шекараны білген жөн. Қарсыласынан жарты сағатқа артық шыдаған адамға жеңіс бұйырады. Жұмыртқаны да кесіп төрт бұрышты қылуға болады. Қателіктен кейін сұралған кешірім – аянышты. Зорлық-зомбылықтың жанында әділдік жойылады. Адалдық – адамның бағалы қасиеті. Адамдарды сүйетін адам ұзақ жасайды. Жаман адамның досы болғанша, жақсы адамның жауы бол. Сені мақтайтын адамнан сақтан. Үнсіздік - керемет гүл. Бір генералдан он мың әскер табу әлдеқайда оңайырақ. Тіпті ұры да он жыл білім алуы керек. Ұлылардың таланты баяу піседі. Әйел қаласа, жартасты да бұзады. Ішкен адам шараптың зиянын білмейді, ішпеген адам пайдасынан бейхабар.
Дайындаған: Теңге БЕКМҰРЗАЕВА