• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Мөлдір Бижанова: «Бәрі уақытты тиімді жоспарлаудан басталады»

    [ 2018 ] 5 ақпан, 05:36  |  Жаңалықтар

    ©

    2008 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болуға қабілетті мектептер құру» мәселесін көтеріп, қазақстандық және әлемдік білім жүйесінің озық үлгілерін меңгерген жалпы орта білімнің инновациялық моделін жасау керектігін атап көрсеткен еді. Көп ұзамай, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы құрылып, ҚР Тұңғыш президенті атындағы мектептер еліміздің түкпір-түкпірінен ашыла бастады. Бүгінгі таңда 20 зияткерлік мектеп өлкелердегі жас дарындарды көшбасшылыққа, химия-биология, физика-математика, ғылым салалары бойынша дайындап жатыр. Құрылғанына 10 жыл болған дербес білім беру ұйымы мыңнан аса түлекті ұшырды. Қазір олардың алды еліміздің әр түрлі салаларында табысты еңбек етуде.

    Түлек ұшырған мектептердің ішінде Маңғыстаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі де бар. 2015 жылы алғаш есігін айқара ашқан бұл білім ордасынан өткен жылы ең алғаш түлектер қанат қағып ұшқан болатын. 12-сыныпты бітірген 87 оқушы бүгінде Қазақстан және шет елдің жетекші университеттерінің студенті атанды. Оның 85 пайызы мемлекеттік және университет гранттарына ие болыпты. Ал 13-і Қазақстандағы үздік университеттердің бірі саналатын Назарбаев университетінің «foundation» бағдарламасында білімін арттырып жатыр. Назарбаев Университетінде және зияткерлік мектепте білім алудың ерекшелігін білу мақсатында біз Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, Назарбаев университетінің студенті Мөлдір Бижановамен әңгімелестік.

    - Мөлдір, зияткерлік мектепті үздік бітірген оқушылардың бірі екенсің. Назарбаев Зияткерлік мектебіне қалай түстің?

    - Елбасы атындағы мектептің Ақтауда ашылғалы жатқанын Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатnа 9-сыныпта оқып жүргенімде естіген болатынмын. Көпшілік сол кезде озық үлгідегі оқу орны болатындығын айтып жүрді. Алғашында үйреніскен мектебімнен кеткім келмей, қарсы болдым. Өйткені Дарын мектебінің кемшін тұстары болмады, бір жағынан достарым да көп болды, бірақ уақыт өте келе бағымызды сынап көрейік деп шешіп, сіңілім Меруерт екеуміз Назарбаев Зияткерлік мектебінің емтиханына дайындала бастадық. Сынақ екі кезеңнен тұрды. Бірінші математика, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен тест тапсырсақ, кейін химия-биологиядан тапсырдық. Маған қиын тиген жоқ. Сынақ тапсырып шыққан соң, емтихан нәтижесінде сіңлім екеуімізді «жіберілді» деп шығып тұрды. Бұл мектепке оқуға қабылданды деген сөз екен. Не қуанарымды, не жыларымды білмедім. Бірақ өткенімізге қуанғанымызбен, сүйікті мектебімді де тастап кеткім келмеді. Дегенмен ата-анаммен ақылдаса отырып, болашағым үшін зияткерлік мектепті таңдап, ауыстым. Қазір бұл шешіміме өкінбеймін.

    - Біздің білуімізше, Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу тәсілі жалпы білім беру мектептеріне қарағанда өзгеше. Қандай өзгерістер болды? Жаңа бағдарламаны меңгеру қиын болмады ма?

    - Иә, Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім беру бағдарламасы өзгеше. Біз оқу жылын бастамас бұрын мектепке қабылданған оқушыларды дайындық курсына шақырды. Сол кезден-ақ өзгешеліктер болатынын түсіндік. 2015 жылдың жазында мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатты. Соған қарамастан дайындық курсы өтті. Алғашқы қоңырау соғылғанда мектепті аралатып көрсетті. Аумағы үлкен, барлық лабораториялар жабдықталған, әр спорт түріне арналған арналған алаңдары, кітап қорына бай заманауи кітапханасы бар. Кітапханада еркін ізденуге мүмкіндік жасалған. Дәліздерде үзілісте ми жаттықтыруға арналған шахмат үстелдері тұрды. Мұның барлығын көргенде біліміңді кеңете түскің келеді екен. Сезінгенім де сол болды. Біздер 11-сыныпқа қабылдандық. Ең алғашқы өзгешелік бағалау жүйесі еді. 4, 5 деген бағаларға үйренген біздерге «мақсатқа жетті» (5), «мақсатқа талпынып жатыр» (4), «қанағаттанарлық» (3) деген бағалау жүйесін таныстырды. Бағалау жүйесі бағалау критерийлері мен сабақ мақсатына тікелей байланысты. Сабақ басталғанда мұғалім бізге «бүгінгі сабақта мынадай мақсатқа жетуіңіз керек» деп бірнеше мақсатты көрсететін. Бұл үйреніскенге дейін қиын тиіп жүрді. Бірақ тез үйренісіп кеттік. Себебі саған жету керек мақсатты, ол үшін не істеу керек екендігі, сенің алған білімің қалай бағаланатынын көрсетсе, ақпаратты қабылдау тиімді болады деп ойлаймын. Сосын сабақтардың бір ерекшелігі - алған білімің қай салада, қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндіруі. Бұл математикадағы көптеген түсініксіз есептерді не үшін керек екенін, болашақта қалай қолдана алатыныңды түсіну деген сөз. Сонымен қатар 11-сыныпта «жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс» деген пән жүрді. Бұл сабақта біз ғаламдық проблемаларды шешу жолдарын талқылап, жобалық жұмыстар жаздық. Пәндік олимпиада, ғылыми жобалар байқауына оқушылар жиі қатысады. Бұл балалардың бойындағы зерттеушілік, ізденімпаздық қабілетті дамытады. Егер байқасаңыз, қазір бұл білім беру бағдарламасы жалпы білім беру мектептеріне де еніп жатыр. Меніңше, дұрыс. Себебі әлемде технологиялар дамып, үлкен өзгерістер болып жатыр. Ал технология дамыған кезде жаңартылған білім сұранысқа ие.

    - Сіз үш тілде білім алдыңыз. Бұл қаншалықты тиімді? Сабақтар қалай өтті?

    - Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жоғарғы сыныптардың оқушылары үшін негізгі пәндер ағылшын тілінде жүргізіледі. Бұл оқушының ой-өрісін кеңейтеді әрі университетке бару алдындағы дайындық іспеттес. Сол себепті біздер 12-сыныпта математика, химия, биология, физика пәндерін ағылшын тілінде өттік. Бұл пәндерді ағылшын тілінде өткенімізбен, Қазақстан тарихы пәнін барлық сынып қазақша оқиды. Яғни бір пәнді ағылшын, екіншісін орыс, үшіншісін қазақ тілінде өтеміз. Сондықтан зияткерлік мектеп оқушысы үш тілді қатар меңгереді деп ойлаймын. Тағы бір айта кететін жайт, биология, физика, химия пәніндегі терминдердің дені ағылшын тілінен алынған. Қазір үш тіл білу - заман талабы. Тілді білгенім, терминдерді түсінуге көмектесті. Мен бұл тілді тереңдете үйреніп жүрмін.

    - Биыл Назарбаев Университетінің студенті атаныпсың. Зияткерлік мектептерде білім алған оқушыларға түсу жеңіл болады деген пікір бар. Бұған не дейсің? Өзің қалай түстің?

    - Қазіргі таңда кез келген жоғарғы оқу орнына мемлекеттік грантқа түсу өте қиын. Сондықтан университетке түсу оңай болды деп айта алмаймын. Біздер 12-сыныпта оқып жүргенде мамандық таңдау мәселесінде қатты қиындық болмады. Өйткені зияткерлік мектептерде кәсіптік бағдар беру бойынша кеңесші бар. Бұл маман мектеп мұғалімдері, жоғары сынып және еліміздегі немесе шет елдердегі жоғарғы оқу орындарымен тығыз жұмыс жасайды. Басты мақсаты – оқушының қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, мамандық таңдауға көмектесу. Мен бала кезімде дәрігер болғым келетін, бірақ қандай дәрігер екендігін анықтай алмайтынмын. Міне, осы тұрғыда кәсіптік бағдар беру кеңесшісі маған көмекке келді. Мен Назарбаев университетіне түсуді ойламадым. Дегенмен 11-12 сыныптарда университеттермен танысу кезінде Медицина мектебі бар екенін білдім. Кейін Назарбаев университетінің сайтына кіріп, ережелерімен танысып шықтық. Бұл университетке түсу үшін ең алдымен ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын IELTS емтиханының сертификаты талап етіледі. Университетке түсу үшін кем дегенде 9 балдың 6 балын жинау қажет. Емтиханнан 9 балдың 7-еуін алдым. Бұл тұрғыдан шетелдік мұғалімдердің көмегі көп болды. Ағылшын тілі деңгейімнің жоғары болғаны қазір университетте қатты көмектесіп жатыр. Зияткерлік мектепке келіп, IELTS, SAT, NUFYPEТ деген секілді халықаралық емтихандардың бар екендігін білдім. Соның ішінде Назарбаев Университетіне түскің келсе осы емтихандарды жоғары нәтижемен тапсыру керек. Жыл бойы дайындалып жоғары балл жинадым. 12-сыныпқа сабақ берген мұғалімдер үшін оқу жылы ауыр болды деп айта аламын. Себебі кешкі сағат 9-ға дейін дайындық жүргізу қалыпты жағдайға айналды. Күн-түн демей, отбасын, шаруасын тастап біздерге бар білгенін үйретуге тырысқан ұстаздарыма алғысым шексіз және еңбектерін жоғары бағалаймын. Бірнеше айдан кейін грантқа түсті деген хабарды естігенде менің мұғалімдерімнің қуанғандағы жүздерін көрсеңіз ғой! Мен емес, университетке өздері түскендей болды!

    - Университетте алғашқы оқу жылының жартысын өткізіп келдің. Назaрбаев Университетінің студенті болған қалай екен? Басқа да жоғары оқу орындарынан айырмашылық бар ма?

    - Иә, университетте басқа жоғарғы орнынан айырмашылық көп. Ең алдымен, барлық сабақ ағылшын тілінде жүреді. Екіншіден, университетте студенттің бос уақытын тиімді өткізу үшін бар жағдай жасалған. Бұл тұрғыда оқу орнында 120–дан аса клуб бар. Мәселен өзім, жақыннан бері жапон тілі курстарына барып жүрмін. Сонымен қатар, сергу үшін сабақтан тыс уақытта йогаға барамын. Тағы бір артықшылық, кітапхана кешкі 7-ге дейін жасайды, ал дайындаламын деген студенттерге арналған арнайы «tutorial room» сағат 12-ге дейін ашық болады. Білім беру саласында аса қатты ауыртпашылық жоқ. Өйткені біз 12 сыныпта жоғары математиканы, университет бағдарламаларының кейбірін меңгерген едік. Қазіргі таңда «foundation» бағдарламасында оқып жатырмын. Ал келесі жылы, нақты мамандық таңдап сол салаға қатысты тереңдете оқи бастаймыз. Медицина саласын таңдаймын деп отырмын, бірақ оның ішінде қандай салаға баратынымды шешкен жоқпын. Бастысы елге пайдам тиіп, ата-анамның үмітін ақтағым келеді.

    Осы сәтті пайдаланып болашақ түлектерге уақытты тиімді жоспарлауды үйрену қажеттігін айтқым келеді. Мектепте жүргенде бізге уақытты тиімді жоспарлау бойынша психологиялық тренингтер, әдістемелер көрсетілді. Сол кездің өзінде уақытты қажетті нәрсеге жұмсауға тырысатынбыз. Соның әсерінен болар, университет бағдарламасы ондай қатты тиіп жатқан жоқ. Өткен тақырыпты қорыта отырып, жаңа мәліметтерді оқу, зерттеу жеңіл тиюде. Сонымен қатар, халықаралық емтихандарға және ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаған жақсы дегім келеді.

    - Сұхбатыңа рахмет!

    Сұхбаттасқан Рысгүл РАМАЗАНОВА

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47770,47620"]
    1522
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар сұхбат жастар беті
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Биыл ҰБТ бола ма?

    Келесі жаңалық

    Қарсыласудан қорықпаңыз... (Жапон даналықтары)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мөлдір Бижанова: «Бәрі уақытты тиімді жоспарлаудан басталады»

      [ 2018 ] 5 ақпан, 05:36
      1523

      «Жұлынқұрт» – жаңа қойылым

      [ 2017 ] 4 сәуір, 09:35
      1429

      Мұнайлыда кәсіп жасаймын деген қыздарға мүмкіндік көп

      [ 2017 ] 3 наурыз, 09:33
      1482

      IT маманы Тимур Бектұр: «Біз жастарға көмектессек дейміз»

      [ 2016 ] 29 тамыз, 06:58
      1393

      Қазақстанда әлеуметтік саладағы волонтерлерге сұраныс жоғары - Азамат Жұмағазы

      [ 2020 ] 7 желтоқсан, 10:40
      1883

      Ақтаулық жас маман Лондондағы Huawei компаниясына қалай шақырту алды

      [ 2020 ] 13 қаңтар, 09:44
      2480

      Рубрикалар

        Маңғыстау жаңалықтарыАнықтама бюросыТағайындауРедакция туралыЖастар бетіЭкономикаСараптамаРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3230

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2984

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2823

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3281

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3092

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3066

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»