Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты талап етілмейтін колледждерге қабылдау туралы жарлықтан соң кей ақпарат көздерінде шатасулар, түсінбестік туындаған.
Сондықтан ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ның алынып тасталатыны туралы ақпаратқа жауап берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
"Кейбір БАҚ (...) балалардың техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына түсу мүмкіндігін көбейту үшін, жұмысшы мамандықтарын алып шығуы үшін ҰБТ сертификатынсыз қабылдау туралы бұйрықты ҚР БҒМ тарапынан түсіндірме алмастан өз беттерінше тұжырымдап, ЖОО-ға қабылдау тәртібін таратқан. Жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ сақталады. ҰБТ-ның алынып тасталуы мүмкін деген хабардың еш негізі жоқ", - деп мәлімдейді министрлік.