Тәуелсіздіктің 27 жылдық мерекесі қарсаңында Ақтау қаласында ақын Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды. «Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылған ескерткіштің ашылу салтанатына қала халқы мен қонақтары қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Абай ескерткішінің ашылуы қала тарихындағы маңызы өте зор оқиға. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысты. Бүгінде «Адамзаттың Абайы» атанып кеткен кемеңгер ақынның атындағы көшелер мен ескерткіштері елміздің түкпір-түкпірінде, тіпті, әлемнің біраз қалаларында бар. Лондонда Абай үйі, Каирде, Берлинде, Киевте, Бішкек, Баку, Нью-Делиде ақынға көшелер берілсе, Ташкент, Мәскеу, Тегеран, Бейжің мен Будапешт сияқты әлемнің көптеген қалаларында есіл ердің еңселі ескерткіштері мен мүсіндері орнатылған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебесі жаңа биікке көтерілумен келеді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
https://www.youtube.com/watch?v=haywnZR9OpgЕскерткішті алматылық мүсінші Бағдәулет Еркінбеков жасаған. Ол Абайдың ескерткішін жасауда қатты қобалжығанын айтады.
"Бұл кісінің бізге жеткен суреттеріне, суретшілердің салған картиналарына, басқа мүсіншілердің жасаған ескерткіштеріне қарап, көп іздендім, еш қателік кетпесе екен деп қобалжыдым", - дейді мүсінші.
Айта кетелік, ескерткіштің биіктігі 6,8 м, оның ішінде мүсіннің биіктігі 4 м, тұғырының биіктігі 2,6 м екен. Постаменттің ені 3,10 х 2,60. Мүсіннің салмағы 11 тонна, "Абай Құнанбайұлы" деп жазылған кубтың салмағы 7 тонна. Ескерткіш Ақтауға жүк көлігімен қыркүйек айында жеткізіліп, тұғыры Ақтауда құйылған. Граниттен дайындалған ескерткішті жасауға үш ай уақыт кетіпті.
Республикалық көркем-сурет мектеп-интернатын, көркемсурет колледжін, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдаған тәжірибелі мүсіншінің қолынан бұған дейін Алматы облысы Алакөл ауданында "Батыр аналар" ескерткіші, Алматы қаласында "Батыр ана" бюсті шыққан, "Мәңгілік ел" аркасын жасауға атсалысқан.
"Жалпы қазақ даласында біздер Абайды қазақты әлемдік өркениетке танытқан ой иесі, пәлсапа иесі, өте көрнекті ақын деп танимыз. Бүгін біздің топырағымызда Абай ескерткішінің ашылуы ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі зор іс деп есептеймін. Ұлттың іргесін бекіткен ұранды іс болды", - деп атап өтті өлкетанушы Алқажан Еділхан.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="67654,67650,67652,67651"]