©
Маңғыстау еліміз бойынша ауданы ең аз аймақ болып есептеледі. Өлкемізде 5 аудан бар екені белгілі. Ал ең көп ауылы бар аудан Маңғыстау ауданы болып шықты. Маңғыстау ауданында 21 ауыл (аудан орталығы - Шетпе, Шебір, Жармыш, Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық т.б.) болса, ең аз ауылы бар аудан Түпқараған екен, онда бар болғаны 5 ауыл бар. Аудандар ішінде тұрғындар саны ең көп, әрі жас аудан Мұнайлыда – 8, Қарақияда – 12, Бейнеуде 11 ауыл бар, - деп көрсетті МО Статистика департаментінде.
Облыста қала саны да тым аз, облыстық маңыздағы Ақтау мен Жаңаөзен, ал аудандық маңыздағы Форт-Шевченко екенін ескерсек, өңірде 3 қала бар. Дегенмен Маңғыстау халқы жөнінен 3 облысты басып озып отыр, олар – Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Есірткіні заңсыз сақтаған ақтаулық 5 жылға сотталды2018 жылдың 1 наурызы күнгі статистика бойынша өлкемізде 660 262 тұрғын тіркелген. Соның ішінде Ақтау қалалық әкімшілігінде 186 353, Мұнайлы ауданында – 152 666 тұрғын тіркелген болса, үшінші орында Жаңаөзен қалалық әкімшілігі (147 962 тұрғын) тұр. Халық саны ең аз аудан – Түпқараған (29 260тұрғын).
2000 жылы Маңғыстауда 315 203 адам тұрған. 18 жыл ішінде өлкеміздің халқы 2 еседей көбейіп отыр.
Айгүл ДӘДЕН
Сурет Азаттық сайтынан алынды