1993 жылы Солтүстік Каспий консорциумының мамандары Маңғыстау облысындағы қызметін бастаған болатын. Сол жылдан 2016 жылға дейін олар консорциум мұнай операцияларын жүргізіп жатқан аудандарында 200-дей кешенді экологиялық зерттеу ұйымдастырды. Содан бері ширек ғасыр өтіп отыр.
Биыл «Норт Каспиан ОперейтингКомпани Н.В.» (НКОК) компаниясы Солтүстік Каспий жобасының жүзеге аса бастағанына 25 жыл толуына орай «НКОК Н.В. компаниясының мұнай кен орындарын игеру кезіндегі Солтүстік-шығыс Каспийдің қоршаған ортасын 2006-2016 жылдар аралығында экологиялық мониторингілік зерттеу» атты монографияны жарыққа шығарды. Ақтау қаласындағы «Ренессанс» мейманханасының залында осы кітаптың таныстырылымы өтті.
Басқосуды НКОК Н.В. компаниясының ДЕК ҚОҚ жөніндегі директоры Ермек Марабаев кіріспе сөз сөйлеп, жоба менеджері Асқар Алмаханов монографияны толық таныстырды.
Бұл еңбек Консорциум мұнай кен орындарын игерген кездегі Солтүстік-шығыс Каспийдің қоршаған ортасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұған дейін компания 2014 жылы 1993-2006 ж.ж. аралығындағы кезеңде жүргізілген экологиялық зерттеулер нәтижелерінің алғашқы ірі жиынтығы—«Мұнай кен орындарын игеру кезіндегі Солтүстік-шығыс Каспийдің қоршаған ортасына жүргізілген мониторинг» атты монографиясын жариялаған-ды. Алғашқы кітап экология және табиғат қорғау саласының мамандарының, балық және мұнай-газ өнеркәсібі қызметкерлерінің қызығушылығын тудырғандықтан компания қоршаған ортаның ахуалы туралы экологиялық деректер жариялауды дәстүрлі түрде жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Жаңа монографияға 2006-2016 жылдар аралығындағы он біржылдық кезеңде жинақталған экологиялық мониторинг материалдары енген. Дәл сол уақытта теңізде, Қашаған кен орнында өнеркәсіптік мұнай өндірісі басталар алдындағы ауқымды жұмыстар жүргізілген болатын. Монографияның авторлары атап отырғандай, зерттеулердің нәтижелері қоршаған ортадағы табиғи өзгерістерді және адамның теңіз ортасына әсер етуінің барлық түрлерін ескере отырып түсіндірілген. Бұл Каспийдің солтүстік-шығыс бөлігінде экологиялық мониторинг жүргізуге қатысқан ғалымдардың авторлық ұжымының негізгі қорытындыларының, бағалауларының және ұсынымдарының шынайылығын арттырады. Алынған деректердің көрсетуіне қарағанда, консорциумның Қазақстан Республикасы экологиялық нормаларын қатаң сақтауы және қоршаған ортаның күйіне тұрақты мониторинг жүргізуі арқасында қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан мұнай операциялары ластау көзі болып табылмайды. Экологиялық мониторинг бағдарламалары бойынша көп жылдар бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарына түрлі елдерден жүздеген ғалымдар мен мамандар қатысты. Сонымен бірге Жұмыстардың қомақты бөлігін экология және табиғат пайдалану саласында консалтингілік және зерттеу қызметтерін көрсетуші қазақстандық жетекші компаниялар, атап айтқанда «КаспиЭколоджиИнвайроментал Сервисез» ЖШС, «Қазақ қолданбалы экология агенттігі» ЖШС (ҚҚЭА), «ҚазЭкоЖоба» ЖШС (ҚЭЖ) және басқа да компаниялар орындады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Оқушылар Достық үйінде болды«НКОК» компаниясы келешекте де көмірсутегінің өнеркәсіптік өндірісінің кейінгі кезеңдерінде қоршаған ортаның ахуалына жүргізілетін мониторинг бойынша ақпарат жариялау тәжірибесін жалғастыруды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуына қарағанда, осындай монографиялардың келешекте шығатын жарияланымдары Қашағандағы мұнайды өнеркәсіптік мақсатта қарқынды өндіру және басқа да теңіз кен орындарын дамыту кезіндегі теңіздің қоршаған ортасының ахуалы туралы ақпарат береді.
Таныстырылымға қатысқан үкіметтік емес ұйымдар, экология және табиғат қорғау, мұнай-газ саласының өкілдері тақырыптқа байланыстиы сауалдарына жауап алды, өздерінің ұсыныс-ойларымен бөлісті.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА