«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Мұнай-газ қызметкерлері күні жəне білім күніне орай мерекелік жиын өтті.
Салтанатты жиынға «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының қызметкерлері, партия және еңбек ардагерлері, мұғалімдер мен тәрбиешілер, мұнай-газ саласының қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Шарада білім беру саласының ардагері Оразғали Өтеулиев, ауылшаруашылығы саласының ардагері Аққұлов Қаржау Аққұлұлы, мұнайшы – ардагер Сағындық Өрен жиналған қонақтарды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаңаөзенде жемқорлыққа қарсы «Жайдарман» ойындары өтті«Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Осында отырған ардагер ұстаздар мен мұғалімдерді білім күнімен құттықтаймын! Қыркүйек айының алғашқы жексенбісі - Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Қазақтың сайын даласында еркін өскен бабаларымыздың заманында аспанға бұрқақша атқылап, әлемді тамсандырған қазақ мұнайына ғасырдан астам уақыт өтті. Мұнай-газ саласы – Қазақстанның экономикасының күретамыры. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңізге зор алғыс айтып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге береке, жанұяларыңызға бақыт тілеймін», - деді Қаржау Аққұлұлы.
Құттықтаудан соң «Каспий Меруерт Оперейтинг» компаниясы филиалының қызметкерлері мен мұғалімдер, сондай-ақ тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталды. Жиын соңында келген қонақтар жайылған дастарқаннан дәм татты.
Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ