• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 13 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Маңғыстауға белгілі құсбегілер кімдер?!

[ 2017 ] 7 ақпан, 05:49  |  Маңғыстау жаңалықтары

©

Бейсенбі күні қасиетті Отпан тау етегінде «Отпан» МКҚК қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың бекзат өнері – құсбегілікке арналған дәстүрлі «Салбурын» атты этнографиялық шара болып өтті. Шараға Отпан тау етегіндегі кішкентай ғана Тұщыбек ауылының құсбегілері Өтеғалиев Мереке, Советов Өтежан, Есжанов Ертіс, Тайманов Айшуақ пен шетпелік құсбегі Оспанғалиев Арон және Жыңғылды ауылының Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп оқушылары қатысты.

Құсбегілік сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасасып, атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан Ұлы дала мәдениетінің ішіндегі төл өнеріміз болып саналады. Оның екі мың жылдан астам бай тарихы бар. Оған тастағы таңбалар, жазулар, белгілер және археологтарымыздың жер астынан тапқан әр түрлі бұйымдары куә. Осындай аңшылықты, саяткерлікті, құсбегілікті нақты білдіретін дүниелер Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Алматы облыстарынан және басқа да аймақтардан көптеп табылды. Ертеде көшпенділер құсбегілікке ерекше мән берген және терең шұғылдана білген. Республикамыздың көптеген облыстарында  саятшылар, құсбегілер клубтары ашылған. Соның нәтижесінде ол жерлерде жыл сайын түрлі жарыстар өткізіліп, бұл өнер жақсы жолға қойылған. Осы ұлттық төл өнеріміз өлкемізде кенже қалып келген болатын. Тұщыбек ауылының бір топ жастары 3-4 жылдан бері осы киелі өнерді қолға алып, дамытып келеді. Кәзір «Қауырсын» деп аталатын клубтарын құрып алған. Бірақ әрқайсы әр салада жұмыс істейтіндіктен етене айналыса алмай жүрген жайлары бар. Сондықтан өлкемізде атадан қалған өнерді дамыту үшін жанашыр көзқарас керек-ақ. Осыған өлкеміздегі кәсіпкер азаматтар назар аударса деген тілегіміз бар.

Бір айта кетер құлаққағыс және қайқылар өткен қасиетті Маңғыстау жұртшылығы үшін үлкен қуаныш, ақпан айының 24-26 аралығында Отпан тау етегінде республикалық құсбегілер жарысы өтпекші. Осыны жұртшылық біле жүргені жөн болар еді.

«Отпан» МКҚК қызметкерлері құсбегілікке арналған «Салбурын» атты  шараны 3-4 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Шараны өткізудегі мақсат – өлкемізде өшіп кетуге айналған киелі өнерді насихаттау және оған кәзіргі смартфон мен планшеттерге байланған жастардың назарын аударып, қызығушылықтарын оятып, қызыққандарын құсбегілікке баулу.

Шарада алдымен оқушыларға саятшылық, құсбегілік туралы, содан соң «салбурын» деген не нәрсе екендігі туралы кәсіпорын қызметкерлері Жомарт Айдарбек пен Гүлсамал Қанашқызы түсіндіріп өтті. Содан соң саят киімдерін киіп, қолдарына қыран құстарын алып келген құсбегілерді көргенде бұрынғы сал-серілерді көргендей мектеп оқушылары қол шапалақтап жіберді. Жүргізуші құсбегілерді бір-бірлеп таныстырып өткен соң, оларға кезегімен сөз берді. Құсбегілер оқушыларға құсбегілік туралы, қыран құстардың қандай түрлері болатындығы, оларды қалай ұстап, асырап, қалай баулып аңға салу керектігі туралы айтып, олардың дене құрылыс ерекшеліктерімен таныстыра отырып, қызықты әңгімелеп берді.

Шара соңында қайыру кезінде бабында тұрған бүркіттерді қоянға салып, шырғаға түсіріп, алыстан қиқулап қолға шақырып қондыру сынақтарынан өткізіп, Отпантау етегі қыран бүркіттердің шаңқылдаған дауысына толды.

Құсбегілердің қысқаша өмірбаяны

Мереке Өтеғалиұлы 1969 жылы Таушық өңірінде дүниеге келген. Жыңғылды ауылында қазіргі Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернатта орта білім алды. Жасынан қолөнерге, сызу, суретке икемді оқушы болды. Сызу, сурет пәнінің мұғалімі, өлкемізге белгілі мүсінші Байғазиев Көшерден  дәріс алды.  Мектеп бітіргеннен кейін, Маңғыстау ақтасынан қима тамдар салумен айналыса бастады. Алматы қаласындағы бас сәулет құрылыс академиясын 2003-2008 жылдар аралығында бітіріп, сәулетші мамандығын алды. Бүркітші. Құсбегілікпен айналыса бастағанына 5-6 жылдың жүзі болған, бірнеше құстарды қолға үйретіп, аңға салып, саятшылықтан мол тәжірибесі бар. 2016 жылы ақпан айында Жамбыл облысында өткен «Қауырсын» клубының 35 жылдығына арналған Қазақстанның түкпір-түкпірінен атақты құсбегілер жиналған Республикалық жарыста Құрмет грамотасымен марапатталды.

Арон Оспанғалиев 1975 жылы Шетпе кентінде дүниеге келіп, 1992 жылы Алшын Меңдалиев атындағы №3 орта мектепті бітірген. Құсбегілікпен айналысқанына 5 жылдай уақыт болған. 2013 жылдың ақпан айында Тараз қаласында өткен «Қауырсын» құсбегілер клубының 30 жылдығына арналған республикалық құсбегілер сайысында жүлделі 3 орынға ие болған...

Советов Өтежан Нұрбергенұлы, 1980 жылы Маңғыстау ауданында туған, білімі орта. Қазір Тұщыбек балалар бақшасында техникалық қызметкер. Құсбегілікпен 4-5 жылдан бері айналысады, қаршыға ұстайды. 2016 жылы ақпан айында Жамбыл облысында өткен «Қауырсын» клубының 35 жылдығына арналған Қазақстанның түкпір-түкпірінен құсбегілер жиналған Республикалық жарыста Құрмет грамотасымен марапатталды.

Есжанов Ертіс Мырзакелдіұлы, 1987 жылы туған.  Маңғыстау өнер колледжінің сурет бөлімін, М.Өтемісұлы атындағы  Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетін суретші-шебері және бейнелеу пәні мамандығы бойынша бітірген. Тұщыбек негізгі орта мектебінде 7 жылдан бері сурет, сызу пәнінен мұғалім боп қызмет етіп келеді. Бос уақытында құсбегілікпен айналысады.

Тайманов Айшуақ Асылжанұлы, бүркітші,1988 жылы Тұщыбек ауылында дүниеге келген. Тұщыбек санаторийінде жүргізуші боп жұмыс істейді. Бос уақытында құс ұшырып, қақпан құрумен, саятшылықпен айналысады. Атасы Тайман, апасы Роза Айдарбаевтар –өлкемізге, респубикамызға белгілі күйші, домбырашылар.

Оразмұхамбетов Қуаныш 1998 жылы Маңғыстау ауданында туған. Маңғыстау техникалық колледжінің 2-курсында оқиды, құсбегілікпен айналысқанына 1 жылдай болды, тазы жүгіртіп, құс салады. 2016 жылы ақпан айында Жамбыл облысында өткен «Қауырсын» клубының 35 жылдығына арналған Қазақстанның түкпір-түкпірінен құсбегілер жиналған Республикалық жарыста Құрмет грамотасымен марапатталды.

1593
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
маңғыстау жаңалықтары қызық дерек
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Білім саласындағы бірқатар өзгерістер

Келесі жаңалық

Естен кетпес есімің...

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда тұрудың 10 ерекшелігі

    [ 2017 ] 17 шілде, 03:54
    5121

    Маңғыстауда барыс мекен еткен бе?

    [ 2018 ] 19 желтоқсан, 09:02
    1936

    Маңғыстаулық "Асыл мұра" республикалық байқауда 1-орынға ие болды

    [ 2018 ] 8 қараша, 05:50
    1326

    Ақтаудағы алғашқы ұстаз

    [ 2018 ] 24 қыркүйек, 10:28
    2487

    Маңғыстаудағы ең көп ауылы бар аудан

    [ 2018 ] 2 мамыр, 07:16
    4853

    Онды ауылында "Селоның болашақ ұрпағына xат" ескерткіші ашылды

    [ 2017 ] 7 қараша, 12:29
    1615

    Рубрикалар

      Қазақстан жаңалықтарыМұнайлыМәдениетРедакция ұжымыҚызық дерекАшық қоғамАудан тынысы

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
    2666

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
    2347

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
    2191

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
    2902

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
    2547

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
    2393

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»