Маңғыстау облысының Онды ауылында бүгін "Селоның болашақ ұрпағына xат" ескерткіші ашылды. Бұл туралы ауыл тұрғыны Жәнібек Қожық өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Бұл ескерткіш өткен ғасырдың сексенінші жылдары (28.06.88 ж.) Бүкілодақтық ХІХ партия конференциясы күні орай орнатылған. Жиынды Онды ауылының әкім Балтабек Балапанов және ауыл ақсақалдары Ақмұрат пен Жеңіс ашты. Ал, хатты оқу міндеті Ж. Қожыққа жүктелген. Хатта Онды ауылының қысқаша тариxы, сол кездегі жетістіктері жазылған. "Бұл xатты жазған сол кездегі ауыл кеңесінің төрағасы Қанат Аманиязов ағамыз болатын. Ескерткішті жасаған Қожантай, Әмин бастаған ауыл азаматтары болатын", - деп жазды Ж. Қожық өзінің парақшасында.
Суреттер Ж.Қожықтың парақшасынан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="41231,41237,41233,41236"]