Ақтауда құрылыс және коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша call-орталық іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Мақсат - тұрғындар мәселесінің жылдам шешімін табу. Халықпен тиімді диалог құру бойынша жасалған жаңа жоба құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы аясындағы сұрақтар мен шағымдарды қарастырады.
-Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мәселеріне қатысты сұрақтарды қабылдайды. Айтып кететін жайт, тұрғындар шығынының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында МИБ құрудың маңызы зор. МИБ көппәтерлі бір үйге арналып құрылады, деді Маңғыстау облысының Басқарушы, Сервистік Компаниялар және Мүлік Иелері Бірлестіктері Қауымдастығының төрағасы Қайырғали Қалмұқанов.
CALL орталық 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс жасайды. 13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс. Алайда қоңырау шалу ақылы (Астана қаласынан басқа).
Құрылыс мәселелері бойынша 8 (7172) 98-33-50, тұрғын үй және тұрын үй қатынастары бойынша 8 (7172) 98-30-59, көшу мәселелері бойынша 8 (7172) 98-34-86 байланыс нөміріне хабарласа аласыз.