Санта Суссана қаласында кекушинкай каратэден Еуропа чемпионаты өтті. Жарысқа маңғыстаулық екі спортшы қатысып, алтын және қола жүлде еншіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Анара Суюндукова алғашқы кездесуінде Испания елінің спортшысын жеңсе, одан кейінгі кездесулерде Болгария және Румыния елдерінің спортшыларынан да басым түсіп, Еуропа чемпионы атанды.
Ал Асель Шотқара бірінші кездесуде румыниялық спортшыны жеңіп,
екінші кездесуде Испания елінің спортшысына есе жіберді. Жалпы, ел қоржынына құрама спортшылары 7 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль салды.
Чемпионатқа 17 мемлекет және 5 түрлі біріккен федерациялары қатысты.