Әлеуметтік желіде 32 а шағынауданында жарылған су құбырының видеосы тарады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мессенджерлерде тараған аудиохабарламада "32 б шағынауданындағы "Шаңырақ" тұрғын үй кешенінде ауыз су қысымының төмендеуі мен ажырауы 32 а шағынауданындағы су құбырында орын алған апат салдарынан. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде" делінген.
Сәйкесінше, "КЖСА" мекемесі 32 а шағынауданында магистральдық құбырда ақау шығуына байланысты Цувс-4-тен ақауды анықтау үшін ауыз су 16, 17, 18, 18а, 19, 19а, 20, 20а, 31, 31а,б, 32 а,б,в, 33, 34,35, Шығыс 1,2,3 шағынаудандарында уақытша ажыратылатындығын мәлімдеді.