Бүгін Жаңаөзен қаласында мамандандырылған автоХҚКО - автодром ашылып, ел игілігіне берілді. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Орынбасар Сейдов мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ғғимаратта жүргізу куәлігін алу үшін арнайы теориялық тест тапсыратын бөлме және сыртында автодром бар. Бөлме заманауи құралдармен толық жабдықталған.
Тестілеуді барлық санат бойынша тапсыруға болады. Бірақ практикалық емтиханды тек қана В, С санаттары бойынша тапсыру қарастырылған. Алдағы уақытта автодромда басқа да санаттарға арналған практикалық емтихан тапсыруға болады.
"Бұл мәселені қала, ауыл тұрғындары бірнеше рет сауал ретінде қойды. Өз кезегінде осы сауалды облыс, қала әкімдерінің назарына жеткіздік. Бүгін, міне, жаңа нысан бой көтеріп, халықтың игілігіне беріліп отыр", - деді Жаңаөзен қалалық мәслихатының депутаты Орынбасар Сейдов.