5 қазан – Қылмыстық іздестіру күні. Биыл осы саланың құрылғанына 104 жыл толып отыр. Осы орайда полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаевтың қатысуымен шара өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Облыстың бас полицейі жедел қызмет қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шараға қонақ ретінде криминалдық полиция бөлімін басқарған полиция полковнигі Мэлс Әлхамов пен жұбайы, балалары шақырылды. ПД басшылығы мен жеке құрамы полиция полковнигін лайықты демалысқа шығарып салды. Айта кетейік, Мэлс Әлхамов Ішкі істер органдарында 2000 жылдан бері қызмет етті.
Сонымен қатар шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жедел қызметтегі жоғары жетістіктері үшін 41 қызметкер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Полиция департаменті бастығының марапаттарымен марапатталды.
Осылайша Аян Сәбитұлы жеке құрамның қызметтері үшін алғысын айтып, жауапты жұмыстарына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.