Ақтауда «Мәңгілік алау» аумағын жарықтандыру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саябаққа 13 жаңа жарық бағанасы орнатылды. Әр бағананың басында төрт жарық шамы бар.
- Одан бөлек ескерткіш маңын әсемдеу үшін электр бағандарының бойына 390 шаршы метрлік гирлянда шамы ілінді. Мұндай жарықтандыру жұмыстары саябаққа жылы атмосфера беріп, тұрғындардың жайлылығына үлес қосады деген сенімдемін. Тұрғындарды қаламыздың мүлкіне мұқият қарап, қорғауға шақырамын, - деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Бахтияр Мақсатов.