Мас күйінде мысық үстіне секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі таңда мойындаулар алынып, тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 1-бөлігімен ҚР ҚК-не тіркелді. Ер адамға 120 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Немесе 30 тәулікке дейін қамауға алынады.
Еске салайық, оқиға 4 қазан күні сағат 22.00 шамасында 6 шағынауданда болған. Ер адам мас күйінде мысықтың басына секіріп, жарақаттаған.