Мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу керек. Әрбір кешіктірілген күн үшін айыппұл қосылады. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары еске салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжайлар және басқа да ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар, сондай-ақ жер учаскелері - осының барлығы үшін салық төлеуге тура келеді. Мұндай төлемдер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарды айналып өтеді.
– Сондай-ақ жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілері – Кеңес Одағының, еңбек ерлеріне, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Еpi» атақтарымен марапатталған адамдарға, жалпы құнының 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде болады. Осы сомада 3- дәрежелі Даңқ және «Отан» ордендерімен, көп балалы аналар, «Батыр ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен марапатталған, бөлек тұратын зейнеткерлер төлейді. Салық салу объектісінің құны 15 млн теңгені құраса, 3 063 000 теңге сомасында жеңілдік алынып, объектінің қалған құнына 11 937 000 теңге салық алынады, деп хабарлады аталған мекеме.
Өткен жылдан бастап салықты есептеу кезінде мүлікті иелену мерзімі ескеріледі. Яғни, азаматтың меншігінде бір жылдан аз уақыт (мысалы, үш ай) объекті болса, онда ол осы мерзімге ғана төлейді. Сондай-ақ kgd.gov.kz Алдағы төлемдер сервисінде, e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында, Kaspi.kz және Homebank банктерінің мобильді қосымшаларында салық сомасын білуге және оны төлеуге болады. Төлемді пошта бөлімшелерінде және екінші деңгейлі банктерде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен, банк карталарымен төлеуге болады.
- Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда, әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл алынады. Салықтарды уақтылы төлемеген жағдайда салық төлеушіге жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, ал хабарламаны орындамаған жағдайда берешек туралы мәліметтер сотқа, содан кейін жеке сот орындаушыларына беріледі, - дейді мамандар.