«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының активтер мен инвестицияларды басқару департаментінің директоры Алтынбек Аманчаев Қарағанды қаласындағы «Qaz Techna» зауытынан жаңа 16 автобусты қабылдап алды. Алдағы бір ай ішінде жолаушы тасуға арналған көліктер Маңғыстауға жеткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Каспий» ӘКК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық көліктің мұндай моделі әзірге Қазақстанның басқа қалаларында жоқ.
Жаңа автобустардағы жолаушылар сыйымдылығы - 78 орын. Yutong ZK 6116HG маркалы автобустар 5 бейне бақылау камерасымен, GPS қондырғыларымен және ауа баптағыштармен қамтылған.
Автобустар «Каспий» ӘКК АҚ-ның «Ақтау қаласы және Маңғыстау өңірінің автобус паркін жаңарту» жобасы аясында 7 жыл мерзімге лизинг шартымен сатып алынды. Бұған дейін осы жоба аясында 12 автобус Ақтау қаласындағы №2 маршрутты жаңалау үшін қолданысқа берілген.