Жүргізуші жол ережесінің бірнеше пунктін өрескел бұзған. Оны бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасап.
2022 жылдың 18 қыркүйегінде Жедел басқару орталығының бақылау камерасы арқылы Mercedes-Benz автокөлігінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны анықталды. Құзырлы қызметкерлердің бірлескен жұмысы арқасында «Мечта» сауда үйіне қарама-қарсы 12-шағын ауданда көлік тоқтатылды.
22 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 601-бабының 1-бөлігі, 596-бабының 5-бөлігі, 593-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік тұраққа қойылды.