Ақтауда алғаш рет ардагерлерден құралған командалар арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді. Оған жасы 55 тен жоғары ойыншылар қатысады, mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық іс-шара қала күніне орайластырылып, 13 қыркүйекте "Халық арена" спорт кешенінде басталады.
Турнирге Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау облысынан 6 команда, сондай-ақ Сербия спортшылары қатысады.
-Ақтау - Қазақстандағы шағын футболдың негізін қалаушы қала. Ақтауда жарыс 1963 жылдан бері өткізіліп келеді. Қала күніне орай ардагерлер өткенді еске алып, кездесу өткізуге шешім қабылдады. Еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер - салмақты қарсыластар. Қызықты ойын болады деп ойлаймын, - деді ҚР еңбек сіңірген футбол жаттықтырушысы Анвар Санбаев.