Ақтауда түнгі сағат 03:00 бастап, жауын-шашын жаууына байланысты «Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары түнгі кезекшілікте автомобиль жолдарында жиналған суларды алу жұмыстарын жүргізді,деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 17 шағынаудан «Халық арена», №22 және №19 автомобиль жолдарының қиылысы, 16 ш/а «Инара» тұрғын-үй кешені маңы жаңбыр суынан тазартылды.
Бұл жұмыстарға 6 жұмысшы, 4 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 1 Газель автокөлігі жұмылдырылған.
«Қала жолдары» ЖШС жұмысшылары күндізгі кезекшілікте де жұмыс істеп жатыр. Мамандар автожолдарда жиналған суларды алу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда:
- 16 ш/а "Инара" тұрғын-үй кешені маңы;
- № 22 және № 19 автомобиль жолдарының қиылысы, 19 ш/а 1 үй маңы;
- № 7 автомобиль жолы, 14 шағынаудан 19 үй маңы;
- № 22 автомобиль жолы, 32 «б» шағынаудан;
- № 27 және № 22 автомобиль жолдарының қиылысы, Сары базар;
- № 18 автообиль жолы, «Қазақтелеком» АҚ;
- № 16 және № 21 автомобиль жолдарының қиылысы, «Мирал» көлік жуу орталығы маңын жаңбыр суынан тазартуда.
Бұл жұмыстарға 74 жол жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 8 Газель автокөлігі жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 1 өрт техникасы, 2 мотопомпа жұмылдырылды.