Басқұдық ауылы тұрғынының ауадағы аммиак иісі туралы әлеуметтік желідегі шағымынан соң «КазАзот» Акционерлік қоғамы аммиактың түсу себептері толығымен жойылғанын мәлімдейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аталған кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Тұрғындардың шағымына сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментімен кәсіпорында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, тартылып шығарылатын жер асты суларында аммиактың артық мөлшері анықталған болатын. Бұл жаңадан салынып жатқан «Бейтараптау және булау бөлімі» нысанының пайдалануға берілуіне байланысты орын алып отыр (аммиак мөлшері 1%-дан аспайтын аммиак суы 50 литр көлемінде жер асты суларының жинақтауышына түскен). Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластанудан қорғау талаптарын бұзғаны үшін Қоғам әкімшілік жауапкершілікке тартылуда» делінген хабарламада.
Ақау табылған құбыржолы «КазАзот» АҚ меншігі болып табылады және тек зауыт аумағында пайда болатын жер асты суларын тартып шығару үшін пайдаланылады.