Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов дзюдодан Ақтауда өткен Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогында аса ауыр салмақта белдесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ол алғашқы белдесулерін сәтті аяқтап, жартылай финалда қарсыласын таза жеңіспен ұтты. Дегенмен ақтық сында қазақстандық Еламан Ерғалиевке есе жіберіп, ІІ орынды еншіледі.
Жалпы есеп бойынша ашық Азия кубогында қазақстандық құрама 5 алтын, 7 күміс, 13 қола медальға ие болды. Ал қытайлық спортшылар 7 алтын, 5 күміс, 8 қола жүлде алды. Моңғолиядан келген дзюдошылар 1 алтын, 2 қола жүлдені еншіледі. Өзбекстандықтар 1 алтын, 1 қола медальға ие болды. Ал Гонконг елінің балуандары 1 күміс, 1 қола жүлдені місе тұтты. Тәжікстаннан келген спортшыларға 1 күміс медаль бұйырды.
Айта кетейік 100 кг салмақтағы жүлденің барлығы қазақстандық балуандардың қанжығасында.
Ақтауда 13-рет өткен Азия кубогында 6 мемлекеттің 200-ге жуық спортшысы 7 салмақ дәрежесінде белдесті.
Ал бүгінгі белдесулердің нәтижесі төмендегідей:
Ерлер
81 кг
1. Ерзат Арғынов (Қазақстан)
2. Нұржан Бисенов (Қазақстан)
3. Lasai Zha (Қытай)
3. Мадияр Сембаев (Қазақстан)
90 кг
1. Munkhbayar Battogtookh (Маңғолия)
2. Ерасыл Жанатаев (Қазақстан)
3. Yadong Xie (Қытай)
3. Qi Han (Қытай)
100 кг
1. Ерқанат Молдағұлов (Қазақстан)
2. Бекзат Шағатаев (Қазақстан)
3. Айбек Серікбаев (Қазақстан)
3. Қайратбек Сәбит (Қазақстан)
100+ кг
1. Еламан Ерғалиев (Қазақстан)
2. Нұрдәулет Жарылғапов (Қазақстан)
3. Жамбыл Тұрғыналиев (Қазақстан)
3. Ruixuan Li (Қытай)
Әйелдер
70 кг
1. Anqi Sun (Қытай)
2. Yingying Feng (Қытай)
3. Екатерина Токарева (Қазақстан)
3. Enkhchimeg Tserendulam (Маңғолия)
78 кг
1. Yi Liu (Қытай)
2. Аруна Жангелдина (Қазақстан)
3. Назерке Тілеуханова (Қазақстан)
3. Erdenet-od Batbayar (Маңғолия)
78+ кг
1. Xin Su (Қытай)
2. Bingqian Jia (Қытай)