"Каспий" оралдық "Ақжайықты" жеңгеніне қарамастан, Қазақстан Кубогындағы күресін мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің қорытынды турындағы кездесу "Каспийдің" пайдасына шешіліп, 2:1 есебімен аяқталды. Алайда келесі кезеңге жеке ойындардағы доптардың үздік айырмашылығы бойынша Орал командасы өтті. Плей-офф кезеңіне шығу үшін ақтаулықтар қарсыласты ойсырата жеңуі шарт еді.
Есепті Думан Нәрзілдаев ашты, ойынның екінші жартысында Артем Барановский гол соқты, бірақ қарсылас команды футболшысы Тома Табатадзеден есе жіберді.
"Каспий" ұпай санының аздығынан турнирмен қоштасты.