Жол-көлік оқиғасы 8 тамыз күні сағат 15:40-та Бейнеу-Ақтау тас жолының 328-шақырымында болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты полиция департаментінің баспасөз қызметіре сілтеме жасап.
- Nissan Qashqai көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2114 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі мен 4 жасар бала оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ 9 зардап шегуші аудандық ауруханаға жеткізілді, оның ішінде 6 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, соның салдарынан адам өлiмiне әкеп соққан) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды). Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды, - делінген хабарламада.