Жыл сайын 12 тамызда Каспий теңізінің күні тойланады.
Каспий теңізі жер бетіндегі ең ірі тұйық су айдыны, Каспийдің жануарлар дүниесі алуан түрлі.
Мұнда балықтардың 101 түрі мекендейді, Каспий теңізі мен оның жағалауындағы өсімдіктер әлемі 728 түрден тұрады.
16 жыл бұрын Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Тегеран конвенциясы күшіне енді, оған бес Каспий маңы елдері қол қойды. Содан бері бұл күні Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түркіменстанда Каспий теңізі күні тойлануда.
"Бұл күн теңіздің экологиялық проблемаларына назар аудару мақсатында бекітілді. Мен Каспий теңізін зерттеумен және қорғаумен белсенді айналысатын барлық ғалымдар мен экологтарды құттықтағым келеді. Шын жүректен табыс пен жаңа бастамаларың көп болсын", - деді Н.Қилыбай.