Теңіз жаяу әскерлері бригадасында миномет взводтарының тактикалық оқу-жаттығулары өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
"Оймаша" полигонында минометшілер командалық-бақылау пунктін ашып, атыс позицияларын орындады. Жалпы норматив 800-ден 4000 метрге дейінгі қашықтықта болды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - жеке құрамның практикалық дағдыларын арттыру, атыс құралдарын пайдаланып, міндеттерді уақытылы және дәл орындау, бөлімшелерді басқаруда командалық құрамның дағдыларын жетілдіру.
- Практикалық оқ-атулар әскери қызметшілерге тұрақты орналасу пункттерінде өткізілген теориялық және практикалық сабақтар кезінде алған барлық білімді дамытуға мүмкіндік береді. Олар әсіресе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін өте маңызды, олардың көбі алғаш рет жауынгерлік атыс жасайды, - деді бригада командирінің орынбасары Берік Елеусізов.