Үш ұялы телефонды Маңғыстау облысының тергеу изоляторына өткізбек болған. Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/10 мекемесінің қызметкерлері тез дайындалатын құрғақ кеспеден мобильді байланыс құралдарын тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Samsung" маркалы 2 және "Nokia" маркалы 1 телефон сіріңке қораптарының өлшемімен бірдей болған. Оларды целлофан мен фольгамен орап, содан кейін "Роллтонға" жасырған. Мұны жасаған телефондарды сотталған танысына бермек болған. Енді оған 10 АЕК айыппұл салынады немесе әкімшілік қамауға алынады.
- Осы жылдың 7 айында ГМ-172/10 мекемесіне 7 рет рұқсат етілмеген заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды. Тексеру қызметкерлері 9 телефон мен 2 есірткі заттарын тапты. Сот 5 әкімшілік материалдарды қарады. Төрт жағдайда құқық бұзушыларға әрқайсысы 10 АЕК айыппұл салынды. Бір адамға ескерту жасалды. 2 факті қылмыс ретінде анықталды,-деді Маңғыстау облысы ҚАЖД ГМ-172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.