Маңғыстауда соңғы аптада КВИ жұқтырған 423 адам анықталып, көрсеткіш артты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтема жасап.
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиеваның мәлімдеуінше өткен 07.07.–20.07.22 ж.апта аралығында коронавирус инфекциясы бойынша 144 жағдай тіркелсе; ал соңғы аптада (21.07. - 03.08.22ж. аралығында) 423 адам жұқтырғыны анықталған.
- Ал, соңғы тәулікте облыс бойынша 41 коронавирус инфекциясының жағдайы тіркелді. Шағыммен 36 жағдай, 5- шағымсыз жағдай. Оның ішінде аймақтар бойынша аурудың ең жоғары үлес салмағы Ақтау қаласында – 73,1% және Мұнайлы ауданында – 19,5% байқалады. КВИ жұқтырғандардың басым көпшілігі - вакцина алмағандар екенін айтқым келеді. Қазір өңірде инфекциялық 7 стационарда 130 төсек орын жұмыс жасап тұр. Стационарларда науқастар саны 1 шілдіде 1 адам болса, бүгінгі күні олардың саны 21 адамға, яғни 4,7 есеге дейін өсті. Оның ішінде жүкті әйелдер 10, балалар 10. Төсек орын толымдылығы 21%. Реанимациялық төсек саны 18, емділіп жатқан адам жоқ,-деді Ләззат Есенғалиева.
Айта кетейік, облысқа 707 680 доза вакцина осы уақытқа дейін жеткізілген. (Спутник В- 1 145 095, Спутник 2 – 145 095, Спутник Лайт – 2000, Казвак – 66 400, Хаят вак – 27 000, Коронавак – 20 000, Веросел Синофарм – 145 480, Пфайзер -156 610), оның 685 860 дозасы егілген.
Қазір қолданыста «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Хаят вак» вакциналары бар.
Өңір бойынша осы уақытқа дейін I – компонентпен 280 809 (72,2%) және
II – компонентімен 273 724 (70,4%) адам егілген. Ал, соңғы тәулікте I – компонентпен 210 адам егілген және
II – компонентпен 186 адам екпе алды.