Ақтауда жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен мопед жүргізушісі облыстық көпбейінді ауруханасының нейрохирургия бөлімінде жатыр. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Науқас 1981 жылы туған. Ауруханаға жеткізілген бойда травматолог, нейрохирург, хирург дәрігерлердің қабылдауында болды. Науқасқа ультрадыбысты зерттеу, КТ жасалды.
"Науқастың аяғы жабық сынған. Оған сыртқы фиксация аппараты қойылды. Сонымен қатар төс жағындағы үш қабырғасының сынуы, бас жарақаты, яғни, субарахноидальды қан кету диагнозы қойылды. Қазіргі таңда нейрохирургия бөлімінде жатыр. Жағдайы - ауыр", - дейді облыстық көпбейінді ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі м.а Қайрат Нұрәлиев.
Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы бүгін "Сұңқар" ТК қарама-қарсы жолдағы 28А және 26 шағынаудандар арасында болған.