ХҚКО-лар 28, 29 және 30 тамызда жұмыс істемейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанда 30 тамызда басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Конституция күні атап өтіледі. Биыл ол күн сейсенбіге түсіп тұр, осыған байланысты демалыс күнін 27-тамыздан (сенбі) 29-тамызға (дүйсенбі) ауыстыру бекітілді.
Осыған байланысты, 27-тамызда, яғни сенбі күні ХҚКО-лар 9.00-ден 18.00-ге дейін, ал кезекші ХҚКО-лар 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.
Барлық қалған күндердің жұмыс кестесі сақталады. Естеріңізге сала кетейік, жұмыс күндері ХҚКО кезекшілері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
ХҚКО қалған бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.