Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері 30-дан астам жерде 47 076 м3 жаңбыр суын шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация қызметіне сілтеме жасап.
-Жаңбыр салдарын жою жұмыстарына 130-дан астам адам жұмылдырылды. Қаланың басты және орталық көшелері судан тазартылды. Түнгі кезекшілікке «Қала жолдары» ЖШС-нен 10 жұмысшы, 6 мотопомпа, 1 бойлер, 1 газель жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 1 өрт техникасы, 2 мотопомпа жұмылдырылды, - дейді «Қала жолдарының» мамандары.
Атап айтқанда № 3 автомобиль жолы, «Ынтымақ» алаңы маңы, № 21 автомобиль жолы, 27 шағынаудан және 28 шағынаудан аралығы, 21 шағынаудан «Казфрукт» мекемесі маңы, 38 шағынаудан «Жеті-Қазына» ТҮК маңы, 4 шағынаудан 40 үй, 12 шағынаудан флагшток, 34 шағынаудан «Аяулы Ана» ТҮК, 29 шағынаудан 3 үй маңы, 27 шағынаудан 46 үй маңында су сору жұмыстары аяқталды.