Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауылының тұрғындары "Loto club" ойынханасының жабылуын талап етіп, бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тұрғындар ойын клубының жұмысы қаншалықты заңды екенін тексерткісі келеді. Сонымен қатар олардың сөзінше, мұндағы құмар ойындарға салынып қарызға батқан, жұмыстан шыққан, тіпті өзіне қол салған ауыл жастары да бар.
Mangystaumedia.kz бұл мәселе жөнінде Маңғыстау облыстық ІІБ-ға сауал жолдап, жауап күтуде.
Еске сала кетейік, бірнеше ай бұрын осы Бейнеу ауылының азаматы "Loto club" ойынханасын ерікті түрде өртеп жіберген болатын. Ол бұл ойынға бірнеше жыл ішінде 200 млн теңгедей қаражатын салған.