24 шілдеге қараған түні Ақтауда 16 шағынаудандағы жолдың бойында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
19 жастағы жас жігіт Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының қабылдау бөлімшесіне шұғыл жеткізілді.
- Клиникалық-зертханалық талдауларды алып, алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін, травматология есебінен әрі қарай емдеу үшін АТБ-ға емдеуге жатқызылды. Диагноз - мидың контузиясы, сол жақ жамбас сүйектерінің сынуы, маңдай жарақаты. Мойын, иық, шынтақ тұсының сол жағы және екі қолы жараланған, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған, - деп хабарлады МОМБ баспасөз қызметі.