Түпқараған ауданына қарасты 66-шақырымдағы "Көгілдір айлақ" теңіз жағалауында нөсер жаңбыр жауып, автокөліктер мен адамдар суда қалып қойған, деп хабарлайды, mangystaumedia.kz Түпқараған ауданының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайға байланысты, сағат 8:34-те Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен 1 арнайы техника эвакуациялау жұмыстарына шықты.
Сонымен қатар, Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастыруымен арнайы техника шақырылып жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Соңғы деректер бойынша Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері екі бала, сегіз ересек — барлығы он адамды түгелдей аталған жерден аман-сау алып шыққан. Енді батып қалған 4 автокөлікті шығаруға арнайы техника жұмылдырылды.