8 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштерде «Жол жүрісі қағидаларын білу және сақтау - апатсыз пайдалану кепілі» деп аталатын жол жүрісі қауіпсіздігі айлығы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау, Бейнеу, Жаңаөзен қалаларындағы 20-ға жуық әскери бөлім мен мекемеде айлық шеңберінде жергілікті полиция қызметкерлері мен Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері әскери қызметшілердің жүргізуші құжаттарын және автокөліктердің техникалық жағдайын тексерді.
Тексеріс барысында әскери қызметшілердің сенімхат (сақтандыру полисі) құқығында басқаратын көлік құралдарына барынша назар аударылды
Сонымен қатар 1000-ға жуық әскери қызметшіден әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасы жол жүрісі қағидаларының талаптарының білу деңгейін арттыру мақсатында теңіз жаяу әскери құрамасының базасында тестілеу арқылы сынақ қабылданды.
– Осындай түсіндіру жұмыстарының арқасында Ақтау гарнизоны бойынша жол-көлік оқиғалары мен әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары біршама азайды. Алдағы уақытта мұндай шаралар әлі де жалғасын табады" - деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы әскери автомобильдік полиция бөлімінің бастығы майор Еркін Игісінов