NCOC компаниясы Маңғыстау облысына 23 жыл ішінде 11,6 млн АҚШ доллары көлемінде қаражат бөлді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 1998-2022 жылдар аралығында NCOC компаниясының қолдауымен Маңғыстауда 113 жоба іске асырылды. 2009 жылдан бастап жыл сайын демеушілік және қайырымдылық жобаларға 750,000 млн. АҚШ доллары бөлінеді. Денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет және қайырымдылық сияқты бағыттар басымдыққа ие, - деді NCOC компаниясының Ақтау қалалық кеңсесінің басшысы Арман Жанахмет.
Компанияның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бакенова демеушілердің барлық қаражаты Атырау және Маңғыстау облыстары арасында тең бөлінетінін айтты.
- Компания инвестицияларының көмегімен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде халық үшін бірқатар маңызды объектілер салынды: ауруханалар, спорт кешендері, балабақшалар, мектептер, мәдениет объектілері, жолдар, газ құбырлары және басқа да объектілер. Олардың барлығы Атырау және Маңғыстау облыстары тұрғындарының игілігі үшін жұмыс істейді, - дейді компанияның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Зарина Бакенова.
2022 жылы Ақтау қаласында 3 жоба іске асырылып жатыр. Бұл – оқушылар сарайы, 500 орындық студенттік жатақхана және бес шағын ауданды абаттандыру.
- Бұл жобалардың барлығы Маңғыстау үшін маңызды. "Норт Каспиан Оперейтинг Компани" өзі қызмет көрсететін өңірлердегі жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады, - деп атап өтті компанияның әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар менеджері Руслан Әубекеров.