Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаевтың төрағалығымен Форт-Шевченко қаласын ауыз сумен қамту жобасы талқыланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Жиын барысында Форт-Шевченко қаласында теңіз суын тұщыту арқылы өнімділігі тәулігіне 5000 текше метр болатын су тазарту станцияларын салу жобасы талқыланды. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Самат Мусабаев, «Мемсараптама» РМК бас директоры Қуандық Кажкенов, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров, аудан әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев, мердігер мекеме «Проектный Центр» ЖШС Мұхтар Қонаев қатысты.
Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылына жер асты суын ұңғымалар және су тұщыту қондырғылары арқылы тұрғындар ауыз сумен қамтып жатқанын тілге тиек етіп, қазіргі таңда тәулігіне 1200 текше метр жер асты суы беріліп отырғандығын айтты.
Рахат Елтизаров аудан орталығында отандық, шетелдік компанияларды қоса есептегенде тәулігіне 4500-5000 текше метр су толық сұранысты қажет ететінін жеткізіп, «Форт-Шевченко қаласындағы теңіз суын тұщыту арқылы өнімділігі тәулігіне 5000 текше метр болатын су тазарту станцияларын салу» жобасын уақыт күттірмей мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу жұмыстарын жүргізу қажет екенін баса айтты.