Екі футбол алаңға газон төсеу үшін жергілікті әкімдік 7 794 000 теңгеге конкурс өткізген. Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жүріп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Екі мыңға жуық тұрғыны бар ауылда ойын алаңдарының газон төсеніштері тозығы жетіп тұрған болатын. Бостан ауылының әкімі Шаттық Асановтың мәліметінше, ескірген футбол алаңының бірі «Қарақұдық» мектебінің жанында орналасса, екіншісі «Өркен» балабақшасының маңында орналасқан.
- Ауыл мектебі жанындағы футбол алаңының жөндеуді мердігер «Мухсин» мекемесі жүргізіп жатыр. Кезең-кезеңімен екінші алаңның да жұмыстары басталады, - деді Шаттық Асанов.