© Фото На дорогах Актау парақшасынан алынды
Жол-көлік оқиғасы 9 маусым күні сағат 22:20-да 5 және 7 шағынаудан арасында болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Toyota Carolla көлігінің жүргізушісі жол қиылысынан солға бұрылу кезінде Минск X250 мотоциклімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан мотоциклші облыстық ауруханаға жеткізілді.
– 2002 жылы туған науқастың жағдайы - орташа ауырлықта. Сол аяқ сүйектерінің көптеген сынықтары диагнозы қойылды, ота жасалды. Қазір облыстық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Пациентке Илизаров аппаратын орнату операциясы жасалды. Ота ұзақтығы шамамен 60 минут. Дәрігерлер сүйек сынықтарға металл ине түріндегі фиксаторларды орнатады, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.
Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Toyota Carolla автокөлігі айыппұл тұрағына қойылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.