Ақтау қаласында "Ержан Хазірет" мешіті бой көтеріп, ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
33-шағынауданда салынған құлшылық үйінде бір мезгілде 1200 адам мінәжат ете алады.
Іс-шараға келген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМДБ Бас мүфтиі Наурызбек қажы Тағанұлы, ақсақалдар атынан Алқажан Еділхан сөз алып, құтты болсын айтты.
— Кезінде үлкен тақуа, ғалым тұлғаларымыз өткен. Солардың бірі — халқымыз Хазірет деп дәреже берген, Алланың ақ жолына түсіп елді иманға ұйытқан Ержан Хазірет атамыз. Ол кісінің Хазірет атануының өзі көп нәрседен хабар беріп тұр. Бүгін киелі Маңғыстау өңірінде жаңа мешіт ашылып, қарақұрым халық жиылып ата дінімізді дәріптеуіміз — осы аталарымыздың щарапаты деп білемін, — деді Наурызбек қажы Тағанұлы.
Жаңа мешіттің имамдығына бұған дейін "Бекет Ата" мешітінде найб имам болған Ахледдин Асқар тағайындалды.