1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жаңаөзен қаласының жаяу жүргіншілер жолдарының жанына оқушы бейнесі салынған 16 белгі орнатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Шараның мақсаты – жүргізушілерге мектептің жақын орналасқанын, оқушылар көп жүретінін ескертіп, жол ережелерін сақтауды ұғындыру.
Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов, «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров және қалалық қоғамдық кеңес, «ӨзенМұнайГаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ төрағалары балалардың бейнесі салынған макеттермен танысып, қала көшелеріндегі серуендеп жүрген ата-аналарға, балаларға және көлік жүргізушілеріне мерекелік сый-сияпаттар табыстады.
Айта кетейік, жоба «ӨзенМұнайГаз» АҚ жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ демеушілігімен, қалалық қоғамдық кеңес және қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.