Балаларды қорғау күніне орай қамаудағылар бейне байланыс арқылы балаларымен әңгімелесті. Ұл-қыздары әкелеріне оқу жылын қандай бағамен аяқтағанын, демалыстағы жоспарларын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алаяқтық үшін сотталған Т.Даниярдың жеті баласы бар.
- Бостандыққа дейін әлі 2 жыл бар. Мұндай бейне қоңыраулар бізді жігерлендіреді. Бізге барлық маңызды мерекелерде осылай сөйлесуге рұқсат етілген. Әрине, бәріне емес, тек жақсы мінездемесі бар, тәртіпті сақтайтындарға ғана мүмкіндік беріледі», - дейді Данияр.
Бұл жолы бес адам Skype арқылы отбасымен көрісті. Маңғыстау облысындағы ЖМ 172/10 мекемесіндегі кейбір тұтқындар рұқсат етілсе де, мұндай бейне қоңыраудан бас тартып жатады. Мүмкін бұрын жасаған қателіктерінен ұялатын шығар, сөйлесуге батылы жетпейтін кездер де болатын шығар.
«Бейнеқоңырау – жақын жандар үшін, әсіресе балалар үшін ерекше оқиға, үлкен қуаныш. Біздің арнайы контингентке туыстар жиі бармайды, белгілі бір ережелер мен шектеулер бар. Сондықтан мұндай бейне сұхбаттар отбасылық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, ал балаларға әкесін көруге, онымен сөйлесуге, ойындағысын айтуға мүмкіндік береді, – дейді Маңғыстау облыстық ІІДМ ГМ172/10 мекемесі басшысының орынбасары Азат Орынбасаров.
Келесі жолы мұндай бейнеқоңырауларды 6 шілде Елорда күні қарсаңында ұйымдастыру жоспарланып отыр.